ЕЛЕН ӘЛІМЖАН – «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ
Кеше Қазақстан Жазушылар одағында «Қазақ әдебиетінің көктемі» атты әдеби жыл қорытындысы өтті. Әдеби жиынды белгілі ақын, ғылым докторы, Басқарма төрағасының орынбасары, академик Бауыржан Жақып жүргізді. Жыл қорытындысын Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет сөз сөйлеп ашты. Әдебиеттің әр жанры бойынша 15 баяндама жасалды. Қазақстан
Жазушылар одағына жаңа мүшелерді қабылдап, «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағымен және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Лауреаттардың қатарында жамбылдық жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан да бар. Әбдуатұлына Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы «Анажар» романы үшін берілді.
Қазақ әдебиетіне қомақты олжа салған қаламгерді мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




