Нұрлан Қоянбаев "Игра в Кальмара" актерлерімен кездесті
Қазақстандық продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев Канн кинофестивалінде жүр.
Әлем кино өнерінің жетістіктеріне баға беретін бұл фестиваль биыл 75 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. "Канн кинофестивалінің бүгін қызыл кілемінен ресми өту рәсімі бұйырды", - деп жазды Қоянбаев Instagram-да.
"Еліміздің талай кино туындылары осы ортада топ жаратынына сенімдімін!", - деді продюсер.Нұрлан Қоянбаев фестивальдегі атмосфераны Stories-тен көрсетіп жүр. Әлемге танымал жұлдыздардың арасында жүрген ол былтыр хит болған "Игра в Кальмара" сериалының актерлерімен суретке түсті.
"Игра в Кальмара" кім көрді? Ұнады ма? деп сұрап жатыр", - деп жазған ол.Айта кетейік, кинофестиваль Францияның Канн қаласында 17-28 мамыр аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




