ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІСІ – ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖЕМІСІ
Тараз қаласындағы білім ордаларының бірі Төле би атындағы №8 гимназия өзінің білім сапасымен алдыңғы орыннан көрінуде. Білім ордасының ұстаздары мен шәкірттерін түрлі деңгейдегі байқаулар мен сан алуан жарыстарда жүлделі орындардан
түспей келеді.
Мәселен, бұл оқу жылы да гимназия ұжымы үшін табысты жыл болғаны белгілі. Биыл да гимназия оқушылары қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларында топ жарды. Республикалық кезеңде жүлделі орыннан көрінген шәкірттерімен гимназия мерейін асқақтай түсті.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей білім байқаулары мен олимпиадаларда топ жарған шәкірттерін жан-жақты дайындаған ұстаздарының да орны ерек. Атап айтсақ, ғылыми жоба байқауында информатика мен физика пәндері бойынша республикада топ жарып, бірінші орынды иеленген оқушылар Дәрмен Жұмашев пен Сымбат Томанова гиманазияның беделін арттырды. Оларға дәріс берген информатика мен физика пәндерінің мұғалімдері Шынар Меркібаева мен Маржан Жанадилова жетекшілік жасаған. Оқушылары мен оның жетекшілерінің бұл жеңісі де оқу ордасының мықтылығын дәлелдей түскендей.
Сондай-ақ гимназияның дарынды оқушыларын білім додасы саналатын пән олимпиадасының республикалық кезеңінде сыннан сүрінбей біртоп оқушысы жүлделі оралған еді. Атап айтсақ, орыс тілі пәні бойынша 10-сынып оқушысы Әлина Тұрысбек, өзін-өзі тану пәнінен 11-сынып оқушысы Нұрай Бақтияр және география пәнінен 11-сынып оқушысы Қасымхан Доскумбаев жеңіс тұғырынан көрінді. Оларды аталған пән мұғалімдері Зәуреш Байталиева, Фарида Құлмағанбетова мен Динара Баяхметова дайындаған болатын.
Жыл сайын жүздеген түлекті шығарып салатын Төле би атындағы №8 гимназия өзінің білімді шәкірттерімен әркез мақтана алады.
Айна ҚУАНДЫҚОВА, Төле би атындағы №8 гимназия мұғалімі, Альбина АҚЖОЛ, 10-сынып оқушысы. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




