Әлеумет
Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған азамат тұрақты жұмысқа орналасты
- author «Ақ жол»
- 18 мамыр, 2022
- 403
Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған азамат тұрақты жұмысқа орналасты
Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу әрі олардың қылмыс жасауының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, қалалық №2 соттың үкімімен кінәлі деп танылған Б есімді азамат пробация қызметкерлерінің ықпалымен ақылы жұмысқа орналасты. Айта кету керек, 1995 жылы туылған бұл азамат ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі 1 тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан шектелген. Сондай-ақ оған пробациялық бақылау орнатылып, жаза өтеу мерзімінде жыл сайын 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқару міндеттелді.
- Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы сотталған Б есімді азаматтың «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиалына курьер ретінде жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, 27 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылып, аз қамтылған 10 азамат қаражат түріндегі атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Бүгінгі таңда "Бастау-Бизнес" жобасы арқылы 3 айлық арнайы курстарға қатысып, 400 АЕК түрінде грант алуға ниетті 15 сотталған кезекте тұр, - дейді қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Калык.Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




