Театр және кино актері Сағат Жылгелдиев дүниеден озды
Белгілі актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды. Қаралы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі жеткізді.
«Театрымыздың актері, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті. Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды», - делінген хабарламада.
Сағат Ермағамбетұлы Жылгелдиев - 1954 жылдың 12 желтоқсанында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында туған.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.
Сағат Ермағамбетұлы Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын, Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген.
Ол еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында бастады.
1997 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері болды.Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




