ҚОЙЛЫБАЙ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

ҚОЙЛЫБАЙ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
ашық дереккөз
ҚОЙЛЫБАЙ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
 width= Жеңіс күнін жақындатқан майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Сондай майдангердің бірі, бейбіт күнде 45 жыл ұстаздық еңбек еткен Қойлыбай Тезекбаев көзі тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді. Ол 1962 жылы Үшарал ауылына қарасты Қайыр елді мекеніндегі Абай орталау мектебі жаңадан ашылғанда тұңғыш директоры болған. Абай орталау мектебінің 60 жылдығына орай осы білім ордасында есімі елімізге кеңінен танымал азаматтардың қатысуымен салтанатты шара өтті. Ұрпақтары Қойлыбай Тезекбаев атындағы кабинетті жабдықтап, жас ұрпақтың игілігіне ұсынды. Абай орталау мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Қойлыбай Те зекбаевтың атындағы кабинеттің ашылуына арналған жиынды оның немересі, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Шырынбек Қойлыбаев ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз а лған Үшара л ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыдыралы Жүсіпов майдангердің Отан қорғаудағы ерлігіне, жас ұрпаққа білім берудегі өлшеусіз еңбегіне тоқталды. «Бірімізге ұстаз, бірімізге аға болған Қойлыбай Тезекбаев осы білім ордасының негізін қалаушылардың бірі, алғашқы ағартушы ұстаз еді. Мен ол кісінің шәкіртімін. «Алдыңғы  толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» дегендей, міне, біз де қария болдық», – деді Қ.Жүсіпов. Келесі кезекте жазушы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ре спублика лық «Үркер» журналының бас редакторы, осы мектептің түлегі Жаңабек Шағатай сөз алып, майдангердің асыл да адами қасиеттеріне ерекше тоқталды. Жазушы мектеп директоры Нұрғазы Сыздықбековке «Ауылдың кішкентай қара домалақтары» атты кітабын тарту етті. Осы мектепті 20 жыл басқарған ұлағатты ұстаз, Талас ауданының Құрметті азаматы Жақсылық Тіленшиевтің сөзін де ел терең ықыласпен тыңдады. «Әуелгі мектеп анау Сарытөбеде болған. Мен Қойлыбай ұстаздан тәлім алдым, шәкірті болдым. Енді ұрпақтары кабинет ашып жатыр. Кабинеттің іші білімге, білімді ұрпаққа тола берсін», - деді ол. Жиын соңынан асық ату, арқан тарту, шахмат, қол күресі, волейболдан жарыстар өтіп, жарыс жеңімпаздары марапатталды. Ұстаз ұрпақтары атынан Абай мектебінің алғашқы директоры болған Қойлыбай Те зекбаев пен Жаңылдық ақынның қызы Мәсен апаның рухтарына арнап арнайы құран түсіріліп, ас берілді. Жиын соңы көкпарға ұласып, Талас бойында ат спортының дүбірі қызып жатты.

Есет ДОСАЛЫ,

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар