Басты мақсат – қайта қылмыс жасаудың алдын алу
Жуырда Мойынқұм аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жиын өтті. Бұл басқосудың басты мақсаты - есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және қайталап қылмыс жасаудың алу.
Жиынға аудандық аурухананың бас дәрігері Д.Ахметжанов, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Н.Каипов сондай-ақ ауданның бас имамы Р.Ескенбеков арнайы қатысты. Кездесу барысында аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Н.Каипов ел Үкіметінің 23.10.2014 жылғы №1131 қаулысына сәйкес, «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын» кеңінен айтып өтті.
Өз кезегінде жиынға қатынасушы жазасын өтеуші азаматтар толғандырған сан сауалын қойып, оларға нақты жауаптар берілді.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




