ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! 2022 жылғы 5 маусымда Президенттің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Ре спубликасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Референдумға қатысу құқығына он сегіз жасқа толған Республика азаматтары ие.
Референдум азаматтардың өз ықтиярымен қатысу, еркін ашық білдіру, сондай-ақ жалпыға бірдей, тең, төте және жасырын дауыс беру принциптері бойынша өткізіледі.
Референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал шығарылып отыр.
Сіздің таңдауыңыз маңызды!
Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




