Футболдан Қазақстан чемпионы бас бапкерсіз қалды
Александр Москаленко футболдан Қазақстан чемпионы қостанайлық "Тобылдың" бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы KazFootball.kz порталы мәлім етті.
Мұндай шешім қостанайлық команда сырт алаңда "Ақтөбеден" (1:2) жеңілгеннен кейін шығарылды. Жалпы Москаленконың жаттықтыруымен "Тобыл" биыл бір ойында ғана жеңіске жеткен.
Еске салайық, 45 жастағы маман "Тобыл" тізгінін 2021 жылдың маусымында ұстаған еді. Оның жаттықтыруымен қостанайлық команда былтыр Қазақстан чемпионы атанып, биыл Қазақстан Суперкубогын иеленген.
2022 жылғы маусымда "Тобыл" 11 кездесуден кейін 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орында келеді.Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




