Әлеумет
Алматы облысында сел салдарынан 5 жасар қыз жоғалып кетті
- author «Ақ жол»
- 15 мамыр, 2022
- 445
Алматы облысында сел салдарынан 5 жасар қыз жоғалып кетті
Алматы облысының Текелі қаласында лай массасы жиналды. Бірнеше үй зардап шекті.
Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен барлық отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда сел салдарынан 5 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр. "Сағат 12.00-де Қонаев көшесі 350, 348 үйлер ауданында топырақ қатты ылғалдануы нәтижесінде тұрғын үйлерге лай массасы жиналғаны туралы хабарлама түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қызы іс-түссіз жоғалған. Жергілікті атқарушы органдар сел салдарын жою жөнінде штаб құрды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшіріледі", - деді Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




