Әлеумет
Желіде Балалар күніне орай жәрдемақы төленетіні туралы жалған ақпарат тарады
- author «Ақ жол»
- 15 мамыр, 2022
- 523
Желіде Балалар күніне орай жәрдемақы төленетіні туралы жалған ақпарат тарады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандықтарға 1 маусымнан бастап 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға біржолғы жәрдемақы қарастырылмағанын ескертті. "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға Kaspi gold мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді министрлік баспасөз қызметінің өкілдері.Қосымшада республикалық бюджеттен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет жүзеге асырылатыны атап өтілген. Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері - 116 394 теңге (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға - 192 969 теңге (63 АЕК). 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 18,4 миллиард теңге сомасында 134,1 мың адам алған.
"Азаматтардан жалған ақпараттарға назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




