Әлеумет
100 жыл бұрын қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова дүниеге келді
- author «Ақ жол»
- 15 мамыр, 2022
- 442
100 жыл бұрын қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова дүниеге келді
2022 жылдың 15 мамырында қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел, Ұлы Отан соғысының ардагері Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл болды. Ол 588-інші түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында соғысқан. Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украинада және Беларусьте жауынгерлік міндеттер орындады.
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен батылдығы үшін Хиуаз Доспанова Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, "Кавказды қорғағаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында оған "Халық Қаһарманы" атағы берілді. Ұлы Отан соғысының ардагері 2008 жылдың 20 мамырында қайтыс болды.
1941 жылдың қазанында КСРО тарихындағы бомбалаушы әйелдердің жалғыз авиациялық полкі құрылды. Полк 17 мен 22 жас аралығындағы 115 қыздан тұрды. Алдымен олар Энгельсте оқып, 1942 жылдың мамырында алғаш рет әскери шабуылға қатысты. Әйелдер ұшқыштар мен штурмандар ғана емес, механик пен техник те болды. Фашистер оларды Nachthexen ("Түнгі мыстандар") деп атаған. Ұшқыштардың тактикасы ерекше болды - олар нысанаға белгілі бір қашыққа ұшып келіп, кейін ұшақ шығарған шуды азайту үшін қозғалтқыштарды сөндіреді де, ақырындап ұшақты түсірген, сол кезде жау оларды байқамай тұрған сәтте қарсыласына бомба тастаған. Естілген жалғыз дыбыс сыпырғыштың дыбысына ұқсаған екен. Әуедегі шабуылдар арасындағы үзілістер 5-8 минут болды, кейде түнде экипаж жазда 6-8 рет, ал қыстың ұзақ түндерінде 10-12 рет шабуылдаған.
Полк штурман-снайпері, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова 300-ден аса әуе шабуылына қатысқан.Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




