Жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде сотталғандар арасында шахмат ойынынан жарыс өтті. Тартысты өткен бәсекеде 15 жазасын өтеуші бақ сынап, өзара кім мықтыны анықтады.
Шахмат жарысында бірінші орынды жазасын өтеуші Ускенбаев иеленді. Ал екінші орынды Муталиев, үшінші орынды Тортбаев жеңіп алды.
Жеңімпаздармен жүлдегерлерді мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады.
Айта кету керек, жарыс барысында мекеме қызметкерлері жазалы жандарға шахмат ойынының шығуы туралы, шахматқа қатысты қызықты деректер мен бұл ойынның адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін пайдасы жайлы пайдалы әңгіме өткізді. Осылайша, ҚАЖ қызметкерлерінің қызықты әңгімесі сотталғандардың шахмат ойнауға деген ынтасын арттыра түскені анық.Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




