Әлеумет
"Нокаутқа түсіремін". Ұлыбританиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
- author «Ақ жол»
- 13 мамыр, 2022
- 563
"Нокаутқа түсіремін". Ұлыбританиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс-чемпионы ұлыбританиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Бұл туралы ұлыбританиялық спортшы Thaboxingvoice YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. "Головкин менімен жекпе-жек өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Оның екі белбеуі бар. Сондықтан кездесу ұйымдастыруымыз керек", - деді ол.
"Әлбетте. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа оралдым. Сондықтан өзіме сенімдімін", - деді кіші Юбенк.Еске салайық, бұған дейін кіші Крис Юбенк Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізген, бірақ екі тарап келісімшарт жасаса алмаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




