Антикор өкілі атышулы істерді тергеу барысы туралы айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстандағы атышулы қылмыстық істерді тергеу барысы туралы пікір білдірді.
Сарқұлов қазіргі уақытта ведомство бірқатар атышулы қылмыстық істі, атап айтқанда, Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі қарап жатқанын атап өтті. Антикор басшысының орынбасары ҚІЖК бабы бойынша, тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайтын ақпарат барын еске салды.
"Көлікке қызмет көрсету орталығына қатысты бөлек эпизодтар бар, оның ішінде "Қазақтелеком" АҚ. "ӨКМ Операторы" ЖШС-ге жеке қылмыстық іс қозғалды. Бұл утильалым бойынша. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Керекті сараптамалар тағайындалды. Толыққанды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кететін жайт, кеше ғана Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауда ұстау мерзімін 13 маусымға дейін ұзартты", - деді ол.
"Түсінікпен қарауларыңызды өтінемін. Мәселе - кейбір эпизодтарды жасыру немесе кейбір деректерді алып тастау емес, алдағы тергеу әрекеттеріне зиян тигізбеу, дәлелдемелерді толық жинау және біріктіру. Екінші мәселе - азаматтардың конституциялық құқығы. Тергеу аяқталған жоқ. Процестің қатысушылары ретінде әртүрлі азаматтардан жауап алынып жатыр. Бұны олардың құқығын бұзбау үшін айтып отырмыз", - деп түсіндірді Ұлан Сарқұлов.Қорытындылай келе, ведомство Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын ескере отырып, басқа да ақпаратты жария еткені үшін заң алдында жауап беретінін еске салды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді