Дариға Назарбаева бұрынғы кеңестік білім жүйесіне оралуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 14 қазан, 2014
- 222
Мектептердегі оқулықтың баламалы түрінен бас тарту қажет. Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында палата вице-спикері Дариға Назарбаева осы мәселені көтерді.«Бізге қосымша, баламалы мектеп оқулықтарын енгізгенімізге он жылдан асқан жоқ па? Осы он жылда неге жеттік? Біріншіден, біз логистиканы бетімен жіберіп алдық. Екіншіден, бұл оқулықтардың сапасы сын көтермейді, саны көп болғанымен сапасы жоқ. Қаптаған оқулық болғандықтан, мұғалімдердің өзі тіпті кейде қай оқулықпен оқытуды білмей дал болады. Демек, бұрынғы кеңестік жүйеге оралған жөн болар, әрбір пәнге бір ғана оқулық болсын. Сонда ешкімнің де басы қатпайды», – деді Назарбаева. Сосын депутат балама оқулықтың қажеттілігі артып отырса, онда жергілікті органдар оны бюджеттен тыс қаражатпен қамтысын деген ұсынысын да айтты. Бұл ретте вице-спикер ата-аналар балаларына білімді тереңдете бергісі келсе, сонда ғана олар өз қаражатына балама оқулықтарды сатып алуға болар еді, деген пікірін алға тартты. «Бізге ешқандай да өзгертуге болмайтын ең төменгі әлеуметтік стандарт, ең төменгі күнкөрістің шамасы дегендер бар. Азайтуға да, көбейтуге де болмайтын айлық есептік көрсеткішіміз бар. Оқулық та сондай болса екен, солай қаралық бұған. Ешкім өзгерте алмайтындай болсын. Шындығында, оқулықты ең төменгі күнкөрістің ең төменгі стандартымен салыстыруға болады. Өйткені білім – қазіргі таңдағы ең, ең өзекті мәселе», – деді жиынға жетекшілік еткен вице-спикер.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді