«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстан Шартты ратификациялау үдерісін аяқтады

Қазақстан Шартты ратификациялау үдерісін аяқтады
ашық дереккөз
Қазақстан Шартты ратификациялау үдерісін аяқтады

Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысты. Отырыста алдағы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жұмысқа қатысты басымдығы бар мәселелер қаралды. Елбасы  Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты ратификациялау жөніндегі заң жобаларын елдердің бәрі Парламенттеріне бір мезгілде енгізгенін атап өтті.          – Одақты 2015 жылы 1 қаңтарда іске қосу жұмыстары белгіленген тәртіпте жүзеге асуда. Қазақстан Шартты ратификациялау үдерісін аяқтады. Сонымен қатар, экономикалық одақ органдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде, - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың негізгі тармақтарының бірі Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Арменияның қосылуы туралы Шартқа қол қою болып отырғанын айтты. Елбасы күн тәртібіндегі маңызы одан кем емес тағы бір тармақ Қырғызстанның бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы жөніндегі мәселе екеніне де тоқталды. Осы орайда: «Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы жөніндегі «Жол картасы» жоспарлы түрде орындалуда. Бүгін біздің бекітуіміз үшін Қырғызстанның БЭК-ке қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары ұсынылды. Құжат сарапшылық деңгейде жақсы пысықталған, осы бір күрделі үдерістің барлық мәселелерін қамтыған. Жол картасын жүзеге асырудың қатаң регламенттелген мерзімдері сақталады деп үміттенемін. Біз өз тарапымыздан Қырғызстанға қажетті әдістемелік және техникалық көмек көрсететін боламыз», – деді. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия департаментінің кадрлық қамтылу мәселелерін де қозғап, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Комиссия қызметкерлерінің үлесін арттыру жөніндегі ұсынысын айтты. Жалпы алғанда елдерімізді ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанына, соның бірі халықты ақпараттандыру жөнінде екеніне тоқталды. Кеңестің келесі отырысы желтоқсан айында Мәскеуде өтетінін де атап өтті Елбасы. – Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартты ратификациялаудың барлық рәсімдері алдағы отырыста  аяқталады және біз 2015 жылғы 1 қаңтардан жұмыстың жаңа форматын іске қосуға дайын екенімізді жариялаймыз деп ойлаймын, – деді

Нұрсұлтан Назарбаев. Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Арменияның қосылуы туралы Шартқа қол қою рәсімі болып өтті. «Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар