Назым Қызайбай Ыстамбұлда алғашқы қарсыласынан жеңілді
Екі дүркін әлем чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын сәтсіз өткізді.
50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай колумбиялық Ингрит Лорена Валенсиямен кездескен. Төрешілер жеңісті 3:2 есебімен колумбиялық боксшыға берді.
Айта кетейік, Қызайбай 2014 және 2016 жылы әлем чемпионы атанған.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Жайна Шекербекова (52 келіге дейін), Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (70 келіге дейін) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.
Ал Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін) және IBA командасымен шыққан қазақстандық Ангелина Лукас (52 келіге дейін) Ыстамбұлдағы жарысты ерте аяқтаған.
Бұл турнирде алтын медаль алғандарға 100 мың доллар, финалистерге 50 мың доллардан беріледі. Ал қола жүлдегерлер 25 мың доллар көлемінде сыйақы алады.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




