Әлеумет
Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу қашан өтетіні айтылды
- author «Ақ жол»
- 12 мамыр, 2022
- 554
Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу қашан өтетіні айтылды
Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл желтоқсанда өтуі мүмкін. Мұндай пікірді GGG-дің бұрынғы қарсыласы америкалық боксшы Кертис Стивенс айтты. "Біз үшінші жекпе-жекті көргіміз келеді. Бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелді, дұрыс па? Екінші жекпе-жекте Канелоның мерейі үстем болды. Енді үшінші кездесу өтуі керек. Қыркүйекте Альварес Биволмен жолығады. Сосын желтоқсанда ол Головкинмен кездесуі керек", - деді Стивенс FightHype.com порталына берген сұхбатында.Айта кетейік, негізі Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу қыркүйекте өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ мексикалық 8 мамырда Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілген соң, қыркүйекте ресейлік боксшымен реванш өткізуді сұраған.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




