Әлеумет
Үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты
- author «Ақ жол»
- 12 мамыр, 2022
- 578
Үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты
Нұр-Сұлтанда сегізінші қабатта терезеге ілініп тұрған қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев Қазақстан халқына үн қатты, "Жағдайым жақсы. Жаңа ғана үш бөлмелі пәтер берген құрылыс компаниясының кеңсесінен шықтым. Құжаттарды толтырып шықтым. Маған көмектескен досыма да екі бөлмелі пәтер беріледі деді. Қазір құжаттарын дайындап жатыр", - деді Шонтақбаев.
Ер адам оған белгісіз біреулер телефон соғып, кешегі әрекеті үшін алғыс айтып жатқанын атап өтті."Бәрін бірдей есте сақтай алмаймын, бәрі алғыс айтып, қолдап жатыр. Жезқазған, Көкшетау, Талдықорған, Алматыдан, жан-жақтан телефон соғып жатыр. Тіпті, көбін танымаймын", - дейді ол.
"Құдайға шүкір, маған бәрі жетеді. Қазақстан халқына үн қатқым келеді, көмектесіп жатқан адамдарға алғыс айтамын. Бір-бірімізге жақсылық жасау өте дұрыс", - дейді ол.Сәбит қыздың ата-анасымен әлі кездеспегенін айтты.
"Қыздың анасы телефон соғып, алғыс айтты. Ата-анасын әлі көрген жоқпын", - деп түйіндеді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




