Еңбек қауіпсіздігі басты назарда
Жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алу аса маңызды. Сондықтан бұл бағытта ақпараттандыру науқаны қарқынды жүргізілуі керек. Осындай мақсатпен облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, ірі және орта кәсіпорындардың еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандарының қатысуымен жиын өткізді. Басқо су барысында облысымыздың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Есіркепов кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, өндірістік жарақаттардың алдын алу барысында басқармамен атқарылып жатқан шаралар туралы атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша еңбек ұжымдарында 31 семинар кездесулер өткізіліп, бұл іс-шараларға 352 жұмыскер қатысыпты. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында және сайттарда 60-қа жуық мақалалар жарияланып, еңбек қауіпсіздігіне қатысты басқармамен әзірленген тақырыптық бейнероликтер халық көп шоғырланған жерлерде (ХҚКО, жұмыспен қамту орталықтарында және т.б.) LED экрандар арқылы жарияланып отырады.
Облыстағы жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанушылықтың а лдын а лу және болдырмау жөніндегі жол картасы қабылданып, облыстық 26 кәсіпорынға «Ха лықтық бақылау » және «Нөлдік жарақат» концепцияларын енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Осы жұмыстардың нәтиже сінде, облысымыздың кәсіпорындарында өндірістік жазатайым оқиғалар санының былтырғы жылмен салыстырғанда 50 пайыз төмендегеніне көз жеткізуге болатындығын атап өткен ләзім.
Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді