Анна – күміс, Фериде – қола жүлдегер
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Cурдлимпиада ойындарында ел намысын қорғаған жамбылдық спортшылардың жүлдесі молая түсті. Дзюдо күресінен 78 килоға дейінгі салмақта белдескен Анна Краморова Cурдлимпиада ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда ғана жеңіліс тапқан Анна елімізге үлкен қуаныш сыйлап, жоғары жетістікке қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ дзюдо күресінен 48 килода белдескен жерлесіміз Фериде Караоглы қола жүлде иеленді. Ал 57 кило салмақтағы дзюдошы отандасымыз Эвелина Егембердиева бәсі жоғары бәсекені бесінші орынмен аяқтады. Ол қола жүлдеге бір табан жақын қалғанда жеңіліс тапты. Жамбылдық Айдос Түгелбаев та финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Аталған додада Ұлттық құрама сапында облысымыздан 13 спортшы 6 спорт түрінен сынға түсуде. Олардың бірқатарынан медаль күтіп отырғанымыз анық. Есет Досалы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




