ЭЦҚ-ны смартфонға жүктеуге болады
Қазір қалтаңызда пәтер мен көліктің кілтін ғана емес, ЭЦҚ кілтіңізді де алып жүруге болады. Ол үшін оны смартфоныңызға жүктеп алсаңыз жеткілікті. Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелін пайдалана отырып, қарапайым файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB-кабель арқылы компьютерге қосыңыз да «Менің компьютерім» бөліміне кіріп, ЭЦҚ-ны (AUTH, RSA-…p12 файлдары) смартфонның жад картасына көшіріп алыңыз.
Егер сіздің телефоныңыз iOS операциялық жүй есінде болса, сертификатты жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
1. iTunes бағдарламасын компьютерге орнатыңыз;
2. Смартфонды компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз;
2. iTunes-ке өтіп, құрылғы батырмасын басып, «Ортақ фай лдарға» өтіңіз;
3.Сол жақтағы тізімнен eGov mobile бағдарламасын таңдаңыз;
4. «Қосу» батырмасын басыңыз, көшіргіңіз келетін ЭЦҚ фай лдарын таңдаңыз және тағы да «Қосу» батырмасын басыңыз.
Міне, енді сіздің ЭЦҚ-ңыз әрдай ым өзіңізбен бірге болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, қауіпсіздігіңізді арттырады.Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




