Үшінші дүниежүзілік соғысқа тап болғымыз келмейді - АҚШ
Ұлттық барлау директоры Аврил Хейнс АҚШ Украинаны қолдау арқылы мәселені Үшінші дүниежүзілік соғысқа жеткізгісі келмейтінін айтты.
Хейнс, барлау мәліметтері бойынша, Ресей ядролық қаруды "экзистенциал қауіп" жағдайынан тыс қолдануға бармайтынын, бірақ Украинадағы қақтығыста жеңілу мен оған НАТО-ның қатысуын қарастыруы мүмкін екенін қайталады.
"Біз Украинаны қолдаймыз, бірақ Үшінші дүниежүзілік соғыс жағдайына тап болғымыз келмейді", - деді ол конгрестегі тыңдауда.
Әскери барлау директоры Скотт Беррье АҚШ "дәл қазір" Ресей Украинада тактикалық ядролық қаруды қолданғысы келмейтінін айтты. "Біз бұл мәселеге қатты көңіл бөлеміз", - деді ол.Бұған дейін Литваның бұрынғы президенті Даля Грибаускайте қазір Үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанын айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




