Әлеумет
Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук қайтыс болды
- author «Ақ жол»
- 11 мамыр, 2022
- 538
Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук қайтыс болды
Украинаның тұңғыш президенті Леонид Кравчук 10 мамырда 89 жасында қайтыс болды.
Саясаткер ұзақ аурудан кейін Киев уақыты бойынша сағат 17:00-де қайтыс болған.
Кравчук 1991 жылдың 5 желтоқсанынан 1994 жылдың 19 шілдесіне дейін Украина президенті болған. Сондай-ақ, ол 2020 жылдың 28 шілдесі мен 2022 жылдың 21 ақпаны аралығында Донбасстағы жағдайды реттеу жөніндегі байланыс тобының төрағасы қызметін атқарды.
Президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Кравчук 12 жыл бойы Жоғарғы Раданың депутаты болған. 2015 жылдан бері "НАТО-дағы Украина үшін қозғалыс" қоғамдық ұйымын басқарған.
2021 жылғы маусымда Кравчукке ота жасалып, Украинаның бұрынғы президентінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Ол өздігінен дем ала алмай, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қыркүйекте Кравчук Германияға оңалтуға жіберілген.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




