Әлеумет
60 жастағы паражүзуші ардагерлер арасында Қазақстан чемпионы атанды
- author «Ақ жол»
- 11 мамыр, 2022
- 429
60 жастағы паражүзуші ардагерлер арасында Қазақстан чемпионы атанды
лматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында жүзуден Қазақстанның төртінші чемпионаты аяқталды. Жарысқа әлемнің 6 елінен 193 спортшы қатысты. Алматы облысы Талғар ауданынан келген Шакер Смағұлов 60 жасында үздік атанды.
Мүмкіндігі шектеулі Шакер Смағұловтың жеңісі турнирдің нағыз сенсациясына айналды. Ол бірден екі қашықтықты бағындырса, тағы екеуінде күміс және қола медальдарды жеңіп алды. "Чемпионатты ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді, көптеген әуесқой спортшылармен таныстым. Өз жетістігіме қуаныштымын, жарыс жоғары деңгейде өтті", - дейді Шакер Смағұлов.Бұл турнир төртінші рет өтіп жатыр. Соңғы екі жылда олар коронавирусқа байланысты ұйымдастырылмаған. Биыл жарыс өз ісінің үздіктерін жинады. Ардагерлер мен әуесқойлар арасындағы жарысқа мүмкіндігі шектеулі 10 спортшы қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




