Әлеумет
Аймағамбетов мектеп түлектеріне қатысты ережелерге өзгеріс енгізді
- author «Ақ жол»
- 10 мамыр, 2022
- 399
Аймағамбетов мектеп түлектеріне қатысты ережелерге өзгеріс енгізді
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те жазды.
Бұйрықта "Алтын белгі" төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілген.
Аймағамбетов талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданғанын еске салды. "Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша "үздік" деген баға алған оқушылар "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер бола алады. Сондай-ақ, талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады", - деп жазды министр.Былтыр "Алтын белгі" алғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен еді. Асхат Аймағамбетов олардың кейбірінде ҰБТ нәтижесі төмен болғанын жазды.
"Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді. Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді", - деді ол.Нормалар келесі жылдан бастап күшіне енеді, алайда биыл ҰБТ қорытындысы бойынша бұл белгіні берудің объективтілігі бағаланады. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс екені айтылды. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі. Бұйрықтың мәтіні ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




