Ел айбыны – әскерилерге құрмет
Маржан РАҚАЙ ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және «Отан қорғаушылар» күніне орай ел қорғаны – әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді. «Баласағұн» концерт залына өткен салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев мерекелік құттықтауын жеткізді. Отыз жылдық белесінде Отанымыздың әскері жүріп өткен жолы мен жеткен жетістіктеріне қысқаша тоқталған ол, бейбіт күнде де, ел басына күн туғанда да сарбаздардың алар орнын айшықтап өтті.
Арнайы экраннан Қазақстанның Қарулы Күштері туралы қысқаша деректі фильм көрсетіліп, көпшілік әскерилер тынысынан хабардар болды.
Кезек марапаттау салтанатына ұласты. Полковниктер Айбек Жүсіпов пен Ринат Бабажанов, подполковниктер Эльмира Жұмашева, Айбол Жұмаханов, Алексей Обвинцев, майор Бахтияр Оралымбетов және капитан шеніндегі Мейіржан Айтақов облыс әкімінің «Құрмет грамотасына» ие болды.
Сондай-ақ Қорғаныс министрінің бұйрығымен І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен 20 қызметкер марапатталды. Жауынгерлік дайындықта қол жеткізген жетістіктері, ынта-жігері мен қызметті ыждаһатпен атқарғандары үшін тағы 45 әскериге алғыс жарияланды. Ал старшина Ағзам Наинбаев «ҚР Қарулы Күштерінің ардагері» медалімен наградталды.
Осынау айтулы мерекеде сала ардагерлері де назардан тыс қалмады. Қоғамда әскери қызметті кеңінен насихаттағаны және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісіне елеулі үлес қосқаны үшін Қарулы Күштердің 11 ардагері мен Ауған соғысының 4 ардагеріне марапат табысталды.
Салтанатты жиынға әскерилердің жұбайлары, балалары, ата-аналары да қатысып, Отанға мінсіз қызмет еткен азаматтары үшін мақтаныш сезімі тербеп отырды. Жиын соңы мереке иелеріне арналған патриоттық рухтағы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді