Әлеумет
Ресей Қошқарбаев пен Булатов туралы мұрағат құжаттарын Қазақстан мұражайына тапсырды
- author «Ақ жол»
- 8 мамыр, 2022
- 650
Ресей Қошқарбаев пен Булатов туралы мұрағат құжаттарын Қазақстан мұражайына тапсырды
Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу бағдарламасының маңызды бөлігі Сенбіде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына мұрағат құжаттарының көшірмесін табыстады. "Бұл материалдар лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатовтың ерлігінің дәлелі. Олар 1945 жылы 30 сәуірде бірінші болып Рейхстагқа Жеңістің қызыл туын тікті", - делінген елшілік хабарламасында.
Тәуелсіз қазақстандық журналист Ақмарал Баталованың арқасында құжаттар табылып, кітап болып басылып шықты.
Салтанатты шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстан Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев, Нұр-Сұлтандағы Русский дом қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Қазақстанда Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу бағдарламасының маңызды бөлігі, деп қосты елшілікте.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




