Әлеумет
Жамбыл облысында белгісіз біреулер полицейлерге шабуыл жасаған
- author «Ақ жол»
- 7 мамыр, 2022
- 647
Жамбыл облысында белгісіз біреулер полицейлерге шабуыл жасаған
Жамбыл облысында белгісіз ер адамдар полицейлерге шабуыл жасаған.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз бір топ адам полицейлерге шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал маңында ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін мемлекеттік нөмірі болмаған соң тоқтатқаны анықталды. "Оқиғаның мән-жайы анықталған кезде автокөліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсетті. Осы дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бойынша соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.Полицейлер қазір заңсыз әрекетке қатысқандар анықталғанын, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданғандар ҚІЖК-нің 128-131-бабы бойынша ұсталған. Соталды тергеп-тексерудің басқа да деректері тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




