24 жас маман ант қабылдады
Жамбыл облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде кез келген жағдайда қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосуға дайын мамандар ант қабылдады. Отан қорғаушылар күні өткен шарада 24 жас маман мүлтіксіз қызмет атқарамыз деп ант қабылдап, кәсіби маман атанды. Бұл жыл сайынғы дәстүр.
- Тек ең айбарлы, ержүрек және батыл адамдар ғана өзінің өмірлік қызметі ретінде құқық қорғау саласын таңдайды. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз қызметтік парыздарыңызды бұлжытпай орындайтындарыңызға сенімдімін. Біз ел тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қызметіміздің нәтижелілігіне, ұйымдастырылуы мен жауапкершілігіне байланысты екенін сезінуіміз керек», – деген департамент бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев жеке құрамға лебізін білдірді.
Айта кетейік, бұл күні ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің аға бақылаушысы әділет аға сержанты Тойшыбек Малдыбаев ҚР ІІМ-нің грамотасымен марапатталды. Ал мекеменің жеке құрамы тағы 4 қызметкермен толықты.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




