Соғыс ардагерін құттықтады
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы. Мерейтой құрметіне орай
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков бастаған бірқатар офицерлер Ұлы Отан соғысының ардагері Касен Шамбаевтың шаңырағына арнайы барды. Жыл жүздесуде Бақытжан Зикенұлы ардагерді Жеңістің 77 жылдығымен арнайы құттықтап, ілтипат көрсетті.
- Сіздер Жеңісті жақындату жолында жанқиярлық ерлік көрсеттіңіздер. Сіздің замандастарыңыздың осынау ерлігі бүгінгі ұрпаққа ұлағат. Бейбіт заманда ғұмыр кешуімізге себепкер болғандарыңыз үшін құрметіміз бөлек, ризашылығымыз шексіз, - деді Б.Шарипбеков.
Майдангермен жүздесуде сұрапыл соғыста ерлік танытқан даңқты майдангердің ерлігін үлгі етіп, келешек ұрпақ бейбіт күнді ұлықтайтыны жөнінде де кеңінен айтылды. Құрметке бөленген ардагер ақ батасын беріп, алғысын білдірді.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




