ҚЫЗ ӨМІРІН САҚТАҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР
Қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында полиция қызметкерлері түрлі жағдайларға тап болып жатады. Көбінесе келеңсіз оқиғалар мен шиеленіскен жағдайлардың бел ортасында полицейлердің жүретіні бар. Тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында Тараз қаласында кәмелетке толмаған қыз аман қалды. Патрульдік қызмет барысында полиция батальонының қызметкерлері, полиция капитаны Айдын Абрахманов пен полиция лейтенанты Еламан Абенов жол бойында жаяу кетіп бара жатқан қыз баласының кенеттен есінен танып құлағанын көреді. Олар жедел түрде қыз баланың жанына барып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жасы кәмелетке толмаған қыз есін жинап, өзінің эпилепсия ауруымен ауыратындығын айтқан.
Полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған қызды үйіне жеткізіп, аман-есен ата-анасына тапсырған.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




