6 АЗАМАТ 20 ҚАП АЛТЫНМЕН ҰСТАЛДЫ
Бір топ ер адам Ақбақай ауылы маңындағы шахтаға жүк көлігімен келіп, құрамында алтыны бар кенді қазған. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталғандардың бесеуі аймақ тумасы болса, біреуі Алматы өңірінің тұрғыны болып шықты. Олар аймақтағы шахтада тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан. Нүктелерден генератор, теміркескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі таңда осы іске қатысты сот-химиялық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі де анықталып жатыр. Айтолқын КЕНЖЕБЕКОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




