Әлеумет
ЖАМБЫЛДАН ШЫҚҚАН СҰРМЕРГЕН СҮЛЕЙМЕНОВКЕ "ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ" АТАҒЫ БЕРІЛДІ
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2022
- 597
ЖАМБЫЛДАН ШЫҚҚАН СҰРМЕРГЕН СҮЛЕЙМЕНОВКЕ "ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ" АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, ерлігі елге үлгі болған сұрмерген Ыбырайым Сүлейменовке "Халық Қаһарманы" атағы берілді. Ол бір өзі 300-ге жуық неміс-фашистерінің көзін жойып, Невель қаласының түбінде ерлікпен қаза тапқан.
Кезінде бірнеше рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да Қызыл Кремль генералдары қысастық, қызғаныштық жасап, ол атақты батырға қимаған.
ҚР Президентінің Жарлығында "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын" деп жазылған.
Ыбырайым Сүлейменов (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені болған.
Марқұм Ыбырайымнан қалған жалғыз қыз Аманкүлден туған Айгүл атты немересін кеше ғана көріп, атасы туралы кезінде "Батыр атағы берілуге тиіс маңғаз еді" деп бірнеше рет мақала жазғанымды айтып ем.
Көсемәлі Сәттібайұлы
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




