Көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда
Кеше қала аумағындағы 4 аумақтық округте көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев және әкімдікке қарасты барлық бөлім басшылары қатысқан жиында тұрғындардың түрлі өтініштері мен мәселелері тыңдалды. Көшпелі қоғамдық қабылдауда шаһар басшысы түрлі талап-тілектерімен келген 10 тұрғынды қабылдады. Тұрғындар көтерген арыз-шағымдардың 60 пайызы жеке мәселе, 20 пайызы әлеуметтік салаға тиесілі болса, қалғаны қоғамдық маңызы бар сұрақтар. Жалпы бас-аяғы 16 сауал түсті. Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ержан Жылқыбаев тиісті сала, мекемелердің басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, тез арада шешілуді тапсырды. Қоғамдық қабылдауда көтерілген әрбір сауал хаттамаға тіркеліп, жан-жақты зерделенетін болады. Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




