Әлеумет
Қостанайда автобус жүргізушісі жолақы төлей алмаған 13 жастағы қызды қала шетіне апарып тастаған
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2022
- 576
Қостанайда автобус жүргізушісі жолақы төлей алмаған 13 жастағы қызды қала шетіне апарып тастаған
Қостанай тұрғыны Жанна Богатырева қызы қоғамдық көлікте тап болған оқиғасын айтып берді. "№19 бағыт жүргізушісінің дөрекілік танытқаны туралы оқиғаны баяндайын. Қызымның төлем картасы жұмыс істемей қалған. Ол оған айғайлап, артынша кәмелетке толмаған баланы қала сыртына, соңғы аялдамаға дейін алып кеткен. Сол жақта қалдырып кеткен. Ол жақтан қызым жаяу келіпті. Оның жанында тұрған бір қыз жолақысын төлеп берген. Бірақ ол оны тіпті елемей қойған. Көмектескен қыз оған телефон арқылы аударуды ұсыныпты, бірақ ол елемей, қызымды жылыжайға алып кеткен. Менің қызым 13 жаста. Ал егер бірдеңеге ұрынса не болар еді? Аман-есен оралғанына құдайға шүкір", - деп жанайқайын айтты қыздың анасы."ТуристТрансСервис" ЖШС басылым тілшісіне мұндай оқиға болғанын растапты. "Тексеріс жүргізілді, жүргізуші қатаң жазаланды", - деп қысқа қайырыпты компаниядағылар
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




