Әлеумет
"Сонша жылаттың ғой". Әнші Qanay әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2022
- 701
"Сонша жылаттың ғой". Әнші Qanay әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады
Qanay лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай әскерге кетіп оралмаған сарбаздарға ән арнады.
Ол қазақстандық әнші-композитор Ескендір Хaсaнғaлиевтің "Бозторғайым" әнін қайта жаңғыртып, видео түсірді. Ән фонында әскерге кетіп, бірнеше күннен соң қайтыс болған маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай туралы жаңалықтар көрсетіледі.
Qanay-дың орындауындағы "Бозторғайым" жұрттың жүрегін елжіретті. "Жаным-ау жаным нағашы апаларының аппақ жиені. Бақұл бол!", "Көзден жас тамды", "Әттеген-ай, өкінішті өте", "Айналайын інім, бауырым, сонша жылаттың ғой мына әніңмен. Ғұмырың ұзақ болсын", "Тек биіктерден көріне бер. Айтарға сөз жоқ", "Қандай керемет! Жүрегің елжіреп кетеді", - дейді қазақстандықтар.. "Бозторғайым" әні жетпісінші жылдары жазылған. Ескендір Хасанғалиев естеліктерінде, бозторғай - жыл құсы емес, ол қанша қиын болса да, туған жерінде қыстайтын сирек құстардың бірі деген екен. "Бұл - өз жерінде өзінің ана тілінде сөйлей алмайтын халқым үшін жанымның назын сипаттайтын ән", - деп келтерді композитордың сөзін "Белгісіз Қазақстан" блогының авторы Диас Камериданов.Еске салайық, сәуірдің соңында маңғыстаулық сарбаз әскерге шақырылғанына бірнеше күннен соң қайтыс болды. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылының 18 жастағы тұрғына Әлібек Қалбай 13 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауылына әскери борышын өтеуге барған.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




