Президент Тоқаев Назарбаев университетіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барды.
Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа кампусты, ғылыми орталықтар мен зертханаларды дамыту жоспары көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Президентіне ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары мен бағдарламалары таныстырылды. Университет осы жобалар мен бағдарламалар арқылы Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің шетелдік жетекші ғылыми, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығы, медицина және инновациялық кластерлердің жұмыстары, сондай-ақ оқу орны түлектерінің стартап-жобалары жөнінде мәлімет бері
Мемлекет басшысы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының жобаларымен және Энергетикалық ғарыш зертханасының қызметімен танысты.
Оқу орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесіп, университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




