«Таза су айдындары» акциясы өтті
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысының 2022 жылғы 4 сәуірдегі №13-Ө «Балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, «Билікөл» балық шаруашылығы су айдынында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балық шаруашылығы су айдындарында тасталған (иесіз) балық аулау, ауларынан тазарту және сүзу жұмыстарын жүргізу, жағалау аумақтарын жинау.
Акцияға инспекция мамандарының қатысуымен «Ақкөл», «Билікөл» балық шаруашылығы су айдындарында иесіз қалған 31 мың метр тыйым салынған полименттік синтетикалық моно-талшықты аулар жиналып, 120 килограмм түрлі балықтар тордан босатылып, суға жіберілді. Сондай-ақ шамамен 7 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Аталған акцияға су айдындарының қорықшылары мен еріктілер де атсалысты.
Айнұр БАЙПАҚОВА,
инспекция маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




