Қызғалдақты аялайық!

Қызғалдақты аялайық!
ашық дереккөз
Қызғалдақты аялайық!
 width= Қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік түрлеріне аса бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ. Қызғалдақ Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, оның 32 түрі бар. 12-сі эндемикалық, яғни, тек қазақ жерінде ғана өсетін түр болып саналады. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы.  Шындығында, аталмыш гүлдің қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне таралғандығына бүгінде көзіқарақты ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, Қазақстанның бренді ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп, қорғалуын қолға алуымыз керек. Оған себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Қазіргі таңда облысымызда қызғалдақтың кейбір түрлері сирек кездеседі. Осыған байланысты облысымыздағы көктем мезгілінің сәнін келтіретін және өсетін Грейг, Зинаида қызғалдақтарына жеке-жеке тоқталып өтсек. Грейг қызғалдағы – саны аз қызғалдақ түрі. Жоғары декоративті, сұрыптауда, гүл өсіруде бағалы. Пиязшықты көпжылдық, күңгірт қоңыр терілі, кейде соншалықты ұзын қабыршақтарымен. Сабақтың жоғары жағы түкті. Жапырағы шиыршықталған не тегіс, көкшіл, қызыл қоңырлау күлгін түспен шұбарланған. Жемісі - ірі қорапша. Сәуір-маусым айларында гүлдейді, маусым-тамызда жеміс береді. Көбінесе өсетін орны іріқиыршық тасты, жартасты, құм-балшықты және Қаратаудың тау беткейлерінде және т.б. жерлерде кездеседі. Қызғалдақты аялауға, әрбір азаматтың қорғауында болуына және оның түрін көбейтуге атсалысқан дұрыс. Егерде Қазақстан Республикасының « Қызыл кітабына» енген қызғалдақ түрін жұлған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сомаға сай жұлынған бір тал қызғалдақ үшін 1 айлық есептік көрсетікіш көлемінде айыппұл салынады. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары табиғаттың сәні мен көркін келтіріп тұратын қызғалдақты қорғауға шақырады.

Дарын АЙДАРОВА,

облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман және Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар