ЖАСӨСПІРІМ БАЛУАНДАР ДА ЖАРАДЫ
Еркін күрестен Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында (U 17) Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жарыста да облысымыздың жасөспірімдер құрамасы аянып қалған жоқ. Жеңіс жолында аямай тер төкті. Атап айтқанда, 51 килода белдескен Нұрданат Айтанов қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Айтанов алтыннан алқа тағынып, үмітті толық ақтады. Ал 45 килодағы Мирас Талғатұлы, 51 килодағы Мадияр Тоқтақан, 60 килодағы Бекнұр Сәттібай ел біріншілігінің қола жүлдегері атанып, мығым спортшы екенін көрсетті.
Осылайша бозкілем шеберлері жалпыкомандалық есепте 1 алтын, 3 қола жүлдемен үшінші орынға табан тіреді.
Есет Досалы
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




