Екі алтынмен екінші орын
Қызылорда қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Облысымыздың құрамасы сапында 79 килода өнер көрсеткен Дәулет Ергеш ел чемпионы атанса, 97 килодағы Юнус Гафуров та алтыннан алқа тағынды. Ал 86 кило салмақта бақ сынаған Бекзат Жұманәлі финалда ғана есе жіберіп, күміске қол жеткізді. Сондай-ақ 57 килода өңір намысын қорғаған Нұртілек Оңдаш пен 70 кило салмақта белдескен Орынбасар Тұрғынбаев сынды боз кілем шеберлері қола медальді олжалады. Жалпыкомандалық есепте облыстың намысын қорғаған өрендер 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен екінші орынды иеленді. Жалпы, алғанда балуандарымыздың мұндай көрсеткіші – үлкен жетістік. Енді ел чемпионы Дәулет Ергеш пен Юнус Гафуров ірі халықаралық жарыстарда өңіріміздің намысын қорғамақ. Бабы келіскен спортшыларға іске сәт дейміз!
Есет Досалы
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




