Көкпар көркі қыза түсті
Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылының аумағындағы «Атшабар» алаңында көкпардан өтіп жатқан ҚР чемпионаты күннен күнге қыза түсуде. Өңіріміздің мақтанышы «Әулиеата» көкпар клубының ересек жігіттері өңір намысын абыройлы қорғап келеді. Біздің жігіттердің арасында Әлем және Азия чемпионы Бағлан Шырынбаев, Азия чемпионы Құрманбек Тұрғанбек және Жасұлан Қожақұл, Құлажан Тоғайбаев, Манарбек Дүйсенбаев, Құрманбай Есжан бастаған кілең үздіктер бар. Клубтың бас жаттықтырушысы – танымал көкпаршы, мақтанышымызға айналған азамат Нұрдәулет Момынов.
Жамбылдық жерлестеріміз әуелі Атырау облысының командасын 7:2 есебімен ұтып мерейімізді үстем етсе, екінші ойында астаналықтардан да басым түсті. Алда біздің құраманы бағалауға тұрарлық мықты қарсылас, қызықты ойындар күтіп тұр. Бұл чемпионатта Түркістан, Алматы облысының командалары да сәтті өнер көрсетуде. Көкпар өнеріне деген халқымыздың құрметін осында ерекше көп жиналған көрермендерден көруге болады.
– Көкпар қазақтың намысы мен қайсарлығы. Көкпар – қазақтың батырлық болмысы. Сондықтан біз Талас ауданынан арнайы келіп осы чемпионатты тамашалап отырмыз. Біздің таластық жігіттер де көкпарды жоғары орынға қояды. Әр ауылда көкпар өтіп тұрады. Бұл жігіттің жігіті, мықтының ең мықтысы ғана қатысатын ғажайып өнер. Осы чемпионатта жерлестеріміз «Әулиеата» командасына жеңіс тілеймін, – деді көкпарды тамашалауға келген таластық Әбіхан Мұсаев. Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




