Мамандықты жауапкершілікпен таңдау керек
Мамандықтың түрі көп, тек оны таңдай білу керек. Әсіресе жас толқынды мамандық таңдауға келгенде әртүрлі ойдың мазалайтыны анық. Оларға ұстаздары мен ата-аналары жол көрсетуі керек. Осындай мақсатпен Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясында «Мамандығым – мақтанышым!» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне ауданның құрметті азаматтары, бүгінде білікті маман иесі атанған мектеп түлектері шақырылып, білім алушылар мамандық таңдауда мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Білім алушыларды өз мамандық майталмандарымен кездестіре отырып, пікір алысуға, мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, жүйелі көзқарас қалыптастыратын кездесу кеші аталған білім ұясында жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Осы жылы мектеп бітіруші түлектермен кездесуге келген Құлан ауылының әкімі Еркін Сейтжапаров, аудандық орталық аурухананың дәрігері Анар Стыбаева, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция бөлімінің басшысы Айдын Мамытбеков және басқалар өз өмір тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, жас буынға қажетті ақыл-кеңесімен бөлісті. Ал мектеп-директоры Ш.Шонатаева өмірде мамандықтың түрлері көп екенін, жастардың еңбекке қабілетті, зейінді болуы керектігін, өз ісіне сенімді, дұрыс мамандық таңдаған адам ғана жетістікке жететінін алға тартып, ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында түлектерге сәттілік тіледі. Бұдан бөлек 11-сынып жетекшілері Т.Турикбаева, Қ.Балабекова, М.Биғабылова бірлесіп ұйымдастырған кеште қонақтарға естелік сыйлық тарту етіліп, мектептің жас өнерпаздары сахнада әсем ән шырқап, мың бұрала би биледі. «Aq jol»-Aqparat». Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




