ЖАҢА БАСШЫНЫ ТАНЫСТЫРДЫ
Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы тағайындалды. 16 сәуірде облысқа жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев келді. Жиында облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаевтың қатысуымен өңірдің ерекшеліктеріне қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдықтары мен міндеттері белгіленді. Қожабаев Antikor ortalyǵy сервис орталығында болып, Агенттіктің аумақтық бөлімшесінің қызметімен танысты.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына, Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығына сәйкес Мақсат Аманқұлұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша департаментінің жаңа басшысы Болат Нұрғазыұлы Жылқыбаевты таныстырды.
Болат Жылқыбаев тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы болып жұмыс істеді.
Еңбек жолын 1996 жылы полиция органдарында бастаған.
2012 жылдан бастап қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында әртүрлі ауазымдарда жұмыс істеді.Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




