Шекара қызметінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді
2022 жылы 16 сәуір күні Тараз қаласында облыс бойынша Шекара қызметі департаментінің әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Облыс әкімі Н.Нұржігітов салтанатты шара барысында сөз сөйлеп, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғыс білдірді. Шекара қызметінің күшті дайындығы мен жұмысын үнемі жетілдіріп отыруда олардың жайлы, заманауи ғимаратта, жаңа техникаларды пайдалана отырып, жұмыс істеуі маңызды.
Өз кезегінде ҰҚК төрағасы Е.Сағымбаев облыс басшылығына жаңа ғимараттың құрылысына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.
Шекарашылар халықтың, елдің мүдделеріне мінсіз қызмет ететініне және қызметтік борышына адал болатынына сенім білдірді.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҰҚК ШҚ директорының бірінші орынбасары А.Аймурзин, сала ардагерлері, ШҚ-нің әскери қызметшілері және аумақ жұртшылығының өкілдері қатысты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




