Президенттің тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлінуде. Биыл мемлекет тарапынан 310 миллиард теңге субсидия қаралды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосымша 298 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді, – деді Ербол Қарашөкеев. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Шаруалар агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау, жайылымдық жерлерді бөлу, ауыл шаруашылығы жерлерін суару, субсидия алу, ветеринарлық қауіпсіздікке қатысты сұрақтарын жолдап, жауаптар алды. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар департамент басшылары қатысты. Олардың қатарында егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов, Аграрлық азық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова, жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина, Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Ерлан Ілиясов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Айгүл Жұбанышева, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев бар. – Мемлекет жыл сайын ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын арттырып келеді. Бүгінгі жиынның нәтижесінде көптеген өзекті мәселелер шешімін табатынына сенімдімін. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- Бүгін, 05:06
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




