Әлеумет
Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді - Қасым-Жомарт Тоқаев
- author «Ақ жол»
- 2 мамыр, 2022
- 411
Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді - Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Құрметті отандастар! Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.
Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді.
Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз. Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз.
Айт қабыл болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Айттан айтқа аман-есен жете берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Тифло жобасы – зағип жандар үшін шексіз мүмкіндік
- 11 желтоқсан, 2025
Қолға алынған барлық реформа бір ғана мақсатты көздейді
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




