Әлеумет
Жаңалықтар Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 1 мамыр, 2022
- 727
Жаңалықтар Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. AQ JOl оқырман назарына Мемлекет басшысының құттықтауының толық мәтінін ұсынады. ***
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.
Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.
Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.
Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Аспанымыз әрдайым ашық болсын!Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




